Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда адам ағзасын қандай жағдайда шетелге алып шығуға болады - министр жауабы

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2020 17:49 primeminister.kz
Бұл норма "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасында қарастырылған.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қандай жағдайда адам ағзасын елімізден шетелге алып шығуға болатынын түсіндірді. Оның айтуынша, мұндай норма "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасында қарастырылған, деп хабарлайды zakon.kz.

Кодекс жобасына сәйкес, Қазақстан Республикасында қайтыс болған азаматтардан алынған органдар мен тіндер тек Қазақстан Республикасының азаматына медициналық көмек көрсету кезінде қажет болған жағдайда сыртқа алынып шығарылады, - деді Елжан Біртанов Сенаттың жалпы отырысында.

Ол Қазақстанда қайтыс болған адамның ағзаларын рұқсат бойынша алу - келісім презумпциясының нормасы 2009 жылдан бастап өз күшіне енгенін атап өтті.

Адам ағзасына алуға берілген келісімді немесе келісімнің күшін жоюды тіркеу медициналық ұйымдар көрсететін мемлекеттік қызметке жатады. Кодекс жобасында адам қайтыс болғанда оның органын алуға келісім беру немесе одан бас тарту құқығы жұбайына тиесілі, ал жұбайы болмаса, басқа жақын туыстарының біреуіне беріледі, деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: