Сот Майлыбаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде неге босатылғанын түсіндірді
Нұр-Сұлтан қалалық соты Отанына опасыздық жасағаны үшін сотталған ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босату себебін түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.
Өтініште сотталған Майлыбаев жазасының өтелмеген бөлігін шартты түрде өтеу үшін мерзімінен бұрын босатуды сұраған.
Сот өтінішті қарастыра отырып, сотталған адамның заңмен белгіленген жазасының өтеген бөлігін, мекеме әкімшілігінің жағымды мінездемесін, ішкі тәртіп ережелерін орындауын, айыппұлдарының болмауын, 9 рет марапатталғанын, мінез-құлқына берілген оң бағаны, жұмысқа орналасу мүмкіндігі барын ескерді. Осыдан соң сот өтінішті қанағаттандырудан бас тартуға негіз жоқ деп мәлімдеді.
Осыған орай, Байқоңырдың Нұр-Сұлтан ауданының №2 соты биылғы жылдың 14 мамырында 1 жыл 4 ай 21 күн аяқталмаған жаза мерзіміне пробациялық бақылау орнатум арқылы сотталушыны шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырды.
Сот Майлыбаевқа ішкі істер органдарына уақыты келіп, есеп беруді, тұрғылықты мекен-жайынан басқа жаққа кетпеу және тұрғылықты мекен-жайын өзгертуді, жұмыстан тыс бос уақытында ішкі істер органдары белгілеген орындарға бармауға және басқа жерлерге, Қазақстаннан тыс жерлерге бармауға міндеттеме жүктеді.
Сотталған адамның мінез-құлқын бақылау тұрғылықты жері бойынша жергілікті полиция қызметіне жүктелді.
Сот ұйғарымына шағым берілмеді немесе наразылық келтірілмеді, ол заңды күшіне енеді.
Бұдан бұрын Бағлан Майлыбаевтың 30 мамырда босатылғаны белгілі болды. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.