Мемлекеттік білім гранты қазақ және орыс тілдері деп бөлінбейді
Биылғы ҰБТ-2020 жаңашылдықтары туралы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы ақпарат берді, деп хабарлайды zakon.kz.
1. Бақылауды күшейту. Егер ғимаратқа кіргізу барысында тыйым салынған заттар (смартфондар, жазба қағаздар, құлақаспаптар және т.б.) табылса, онда тестіленуші емтиханға жіберілмейді.
2. Нәтижелерді жою. Әр аудиторияда бейнебақылау орнатылады және барлық жазбаларға 25 тамызға дейін талдау жүргізіледі. ҰБТ өткізу қағидаларының бұзылуы анықталған жағдайда (көшіру, қағаз жазбалар қолдану және т.б.), тестілеу нәтижелері жойылады, сонымен қатар, білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелері де жойылуы мүмкін.
3. Үшжақты келісім. ҰБТ өткізу барысында бақылауды қамтамасыз ететін өкілдермен үшжақты келісімдер жасалады. Бақылау тек тестіленушілерге ғана емес, сонымен қатар бақылаушыларға да жүргізіледі.
4. Көрсетілім. Кез-келген адам ҰБТ-ның өту барысын көре алады. Көрсетілім сілтемесі ҰБТ жақындағанда жарияланады.
5. Шағымдарды қабылдау және жедел әрекет ету. Әр адам ҰБТ өту барысын бақылай алады және ҰБТ өткізу ережелерінің бұзылғаны анықталған жағдайда дереу Ұлттық тестілеу орталығына Digital Agent қосымшасының көмегімен сол жөнінде хабарлауға болады.
6. Мемлекеттік білім беру гранттары оқыту тілдеріне байланыстырылмай білім беру бағдарламаларынның топтары бойынша тағайындалады. Қазақ және орыс тілдері арасында бөлінбейді.
7. Халықаралық сертификаттар. SAT, ACТ және IB халықаралық стандартталған тестердің балдарын ҰБТ балына ауыстыру шкаласын енгізу (көрсетілген сертификаттары бар тұлғалар ҰБТ-дан босатылып, грант беру конкурсына қатыса алады).
8. Ашықтық пен әділдік. Ашықтық пен әділдікті бақылау үшін қоғам мен Арнайы мониторинг тобы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) тартылатын болады.
9. Есептеуіш құралдарға рұқсат етілді. Өзімен бірге тестіленушілерге есептеуіш құралды әкелуге болмайды (өйткені көп функционалдылары бар), олар аудиторияларда әр орында орналастырылады.
10. Тестілеу уақыты ұзартылды. Ата-аналар мен тестіленушілердің сұранысы бойынша тестілеу уақыты тағы 10 минутқа ұзартылды. ҰБТ уақыты 4 сағат болды.
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 2020 жылғы 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.
Маусым айындағы ҰБТ-ға қатысуға рекордтық өтініштер қабылданды – 131 755 (бұл дегеніміз 82%, өткен 2019 жылмен салыстырғанда - 71%): қазақ тілінде – 98 169 (74,5%), орыс тілінде – 33 368 (25,3%), ағылшын тілінде – 218 (0,2%).
ҰБТ өткізетін 161 пунктте тестілеу өтетін болады.