Нұр-Сұлтан мен екі өңірде ауа-райына байланысты ескерту жарияланды

kp.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2020 20:50 kp.kz
Дауылдың болу ықтималдылығы 85-90% құрайды.

16 маусымда Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның екі аймағында ауа-райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақмола облысында кей жерлерде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен қатты жел тұрады. Осыған байланысты өрт қаупі бар.

16 маусымда таңертең және түстен кейін Нұр-Сұлтанда солтүстік-шығыстан екпіні секундына 15-20 метр болатын жел соғады. Дауылдың болу ықтималдылығы 85-90% құрайды.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан және солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м / с құрайды, шаңды дауыл екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді.

Қызылордада да шаңды дауыл тұрады, дауылдың болу ықтималдылығы - 90-100%.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: