Тұрақты халықаралық авиарейстерді қайта жаңғырту туралы
Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов жаңғыртылған тұрақты халықаралық авиақатынастар бойынша әуежолаушыларға арналған негізгі санитарлық-карантиндік талаптарға түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Тұрақты халықаралық авиақатынастар ел санатын (барлығы үш) және әуежолаушыларға қатысты шектеу шараларын ескере отырып, кезең-кезеңімен жаңғыртылады.
Қазақстанға ұшып келу әуежайында бірінші және екінші санаттағы елдердің барлық жолаушылары байланыссыз термометриядан өтеді және әуе кемесінің бортында сауалнама толтырады.
Бұл ретте бірінші және екінші санаттағы елдерден келген әуежолаушылар үшін жеке санитарлық-карантиндік талаптар бар.
ҚХР, Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия, Тайланд елдерінен келген әуежолаушыларға шектеулер қарастырылмаған.
COVID-19 (ПТР) теріс тестіне анықтамасы бар екінші санатты елдерден (Түркия) келген әуежолаушылар шектеусіз жүріп-тұра алады. Ал бұл анықтама болмаған жағдайда оларға ұшып келген күннен бастап 48 сағат ішінде оның міндетті түрде өтуі туралы хабарлама тапсырылады (өтпегені үшін әкімшілік шаралар көзделген).
Бірінші және екінші санатқа енбеген елдермен (үшінші санат)- тұрақты халықаралық авиарейстерге тыйым салынған.
Екінші санаттағы елдердің әуежолушыларына анықтама алынған сәттен бастап Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен жағдайда жарамды екенін білу қажет.
Бірінші және екінші санаттағы елдерден келетін барлық жолаушылар туралы ақпарат денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Бұл екінші санаттағы елдерден анықтамасыз келген әуежолаушылардың COVID-19 (ПТР) тестінен уақтылы өту мониторингін әуежолаушыларда коронавирустық инфекция ауруы расталған жағдайда байланыста болған адамдарды анықтау үшін қажет.