КВИ жұқтырған Біртановтың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды - ДСМ

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2020 16:17 zakon.kz
Ем-дом клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізіліп жатыр.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған Дәрігерлер денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пневмонияға шалдыққан, деп хабарлайды zakon.kz.

Коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған Елжан Амантайұлы бүгіндері ауруханада пневмониядан емделіп жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалайды. Ем-дом клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізіліп жатыр. Ол вирусқа қарсы терапияны жақсы көтерді, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Ауруханада жатып та министр коронавирус инфекциясымен күрес штабты жұмысын қашықтықтан үйлестіріп, өз ісін атқара береді. Жақында ол аурудан толықтай айығып, міндеттерін тікелей атқаруға кіріседі деп үміттенеміз, - деді Ахметшәріп.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: