Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы мәлімдеме жасады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2020 21:40 zakon.kz
Бекітілген хаттамаға сәйкес, Тұңғыш Президенттің басқа адамдармен тікелей байланыстары шектелді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың ауруына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол айдың басынан бастап Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс кестесі толық көлемде өткенін атап өтті.

Елбасы бірқатар екіжақты келіссөздер өткізді, ресми тұлғаларды қабылдады. Сонымен қатар, Тұңғыш Президент отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Телевизиялық түсірілімдерді ұйымдастыруға барлығы 40-тан астам адам, оның ішінде шетелдік азаматтар да қатысты. Жалпы, Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулық жағдайы медициналық қызметтің қатаң бақылауында. Дүрбелең мен қатты алаңдауға негіз жоқ. Елбасы заманауи байланыс арналарын қолдана отырып, қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруда, - деді Үкібай.

Бекітілген хаттамаға сәйкес, Тұңғыш Президенттің басқа адамдармен тікелей байланыстары шектелді. Елбасының қатысуымен жоспарланған кейбір іс-шаралар интернеттегі бейнеконференция арқылы жүзеге асуы мүмкін.

Ресми ақпарат жарияланған алғашқы минуттардан бастап біз алаңдаушылық білдірген азаматтардан хабар ала бастадық, олар Тұңғыш Президенттің тезірек сауығып кетуіне тілек білдірді. Менің телефоныма көп қоңыраулар келіп түсуде, ват-сап желісі де хабарламаға толып кетті. Журналистер, достарым, туыстарым, әріптестерім, оның ішінде жақын және алыс шетелдегілері де Елбасымызға мықты күш-қайрат және зор денсаулық тілеуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Тұңғыш Президентке өз қолдауы мен тілегін білдірді, Елбасы кеңсесіне еліміздің барлық аймақтарынан жеделхаттар келіп түсуде. Нұрсұлтан Назарбаев өз денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, жылы лебізін жеткізген барлық қазақстандықтарға өз ризашылығын білдіреді, - деп жазды Үкібай.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: