Назарбаев коронавирус: бізді дайындап жатыр ма?
facebook.com / formulas.kz
Вирустың қауіптілігі сонша, Назарбаевтың өзі жұқтырды әне, деген әлдеқайда сенімді естіледі.
Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны туралы хабар жаңалықтар лентасы мен әлеуметтік желіні жара жаздады бүгін, дейді әлеуметтік желіге жазғыш журналистердің бірі Ибраш Нүсіпбаев.
Бірақ мен бұған сенбеймін!
Шынымды айтсам, мен бұл жаңалыққа мүлдем сенбеймін. Неге дейсіз бе? Назарбаев сонау наурыз айының басында-ақ "самоизоляцияға" кетіп қалған, тіпті протоколдық фото мен видео түсіру үшін де қасына тірі жанды жолатқан жоқ. Оның карантині біздікі сияқты емес, тым қатты карантин. Ондай адамның коронавирус жұқтыра қоятыны өте күмәнді. Ендеше неге ол енді келіп "жұқтырды" десек, оның жауабы тым жеңіл: Біріншіден, осылайша Ақорда соңғы кездері "коронавирус жоқ, ол өтірік әңгіме" деп тым еркінсіп кеткен халықты ойландырып, тіпті қорқытып қояйын деуі мүмкін. Вирустың қауіптілігі сонша, Назарбаевтың өзі жұқтырды әне, деген әлдеқайда сенімді естіледі. Енді бұл жаңалықты елдегі барлық базарлар мен ең түкпірдегі ауылдарға дейін талқылайды, сосын халық масқа тағып, жеке гигиенаның құрығанда ең қарапайым ережелерін сақтай бастайды. Екіншіден, "коронавируспен ауырып қалғаны" болашақта "ел коронавирустың азабын тартып отырғанда Елбасы қайда қараған? Ол неге көмектеспеді?" деген сыңайдағы сұрақтардың күн тәртібіне шығып кетуіне жол бермейді. Бірақ бұл сұрақтың жауабының "бізді бір нәрсеге дайындап жатыр" деген үшінші варианты бар, оны Алматының таксистері айтып жүр қазір, дейді пост авторы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript