Мамин Нұрсұлтан Назарбаевқа тезірек сауығып кетуін тіледі

ПМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2020 23:45 ПМ
КВИ бойынша Елбасы тапсырған тестінің нәтижелерін ерекше уайыммен және алаңдай отырып қабылдадық - Мамин.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сырқатынан тезірек айығуын тіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

"Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтауға тапсырған тестінің нәтижелерін ерекше уайыммен және алаңдай отырып қабылдадық. Өз атымнан және Үкіметтің барлық мүшелерінің атынан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына тезірек сауығып шығып, тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолында ұзақ жылдар бойы еңбек етуді тілеймін. Бақытымызға орай, Нұрсұлтан Әбішұлы өзін жақсы сезінуде және өзіне тән сергектігімен қашықтан жұмыс істеп жатыр", делінген Үкіметтің ресми сайтында.

Айта кетсек, бүгін - 18 маусымда Елбасыдан коронавирус анықталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: