Мәжіліс депутаттары да Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2020 19:48 Ж.Құспанов
"Біз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығын және ұзақ ғұмыр тілейміз", - деді Мәжіліс депутаттары.

Мәжіліс депутаттары Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Депутаттар Елбасының сарқылмас күш-қуаты мен ерік-жігерлілік қасиеттері оған коронавирус індетін жеңуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Халық қалаулыларының пікірінше, Тұңғыш Президенттің кез-келген жағдайдан жол табатын ерекше қабілеті еліміздің қиын-қыстау уақыттарға төтеп беріп, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары осы күні барлық қазақстандықтардың Елбасына шынайы жанашырлық танытуы, халықтық қолдауын айғақтайтынын атап өтті.

"Біз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығын және ұзақ ғұмыр тілейміз", - деді Мәжіліс депутаттары.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: