Нұр-Сұлтанда мектеп түлектері ҰБТ-ны былай тапсырды
Бүгін - 21 маусымда Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ тапсыруға кірісті, деп хабарлайды zakon.kz.
ҰБТ-ға қатысушылар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес дезинфекцияның бес кезеңінен өтті: дезинфекциялау туннелден өту, аяқ киімді арнайы дезинфекциялық сүрткішпен сүрту, температураны өлшеу, қолға дизенфекциялық сұйықтық себу және арнайы таратылған медициналық масканы алу. Ғимаратқа кірерде және дәрісханада отырғанда, кем дегенде 2 метр қашықтық сақталды.
Әр аудитория мезгіл-мезгіл желдетіліп, бактерияға қарсы зарарсыздандырылып, өңделеді. Дәрісхана 35% адаммен қамтылды, әрқайсысында 10-18 адамнан кіргізіледі. Мәселен, өткен жылы орта есеппен 50 мектеп түлегі бір аудиторияда бола алған.
Биыл республика бойынша 131 755 адам ҰБТ тапсыруға ниет білдірді, олардың 111 109 немесе 82% -ы - биылғы мектеп түлектері. Жалпы, карантинге қарамастан, өткен жылмен салыстырғанда ҰБТ тапсырғысы келетін түлектер саны 12% артты.