Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы тағайындалды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2020 18:44 Сурет: zakon.kz
Бұл лауазымды қызметке Сапар Нұрашев келді.

Қала әкімінің өкімімен Сапар Нұрашев Алматының Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сапар Нұрашев 1975 жылдың 19 қаңтарында туған. 2001 жылы Алматы технологиялық университетін, ал 2008 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1966 жылы Алматы қаласындағы "Темір агроөндіріс фирмасы" ЖШС директорының орынбасары болып бастаған.

2002 жылдан 2016 жылдар аралығында Алматыдағы "БН Азия Альянс" ЖШС, "Асыл құрылысы" ЖШС директоры қызметтерін атқарған.

2016 жылдан 2019 жылдар аралығында Алматы қаласы Алмалы ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімі бас маманының міндетін атқарушы, бас маман, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Күні бүгінге дейін Жайлы қалалық орта басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: