Премьер-Министр қазақстандық полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтады

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2020 16:41 primeminister.kz
Полициядағы қызмет — кез келген қоғам үшін аса қажет, іске адалдық пен қайсарлықты талап ететін қауіпті, жауапты жұмыс.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

— Құрметті Қазақстан полициясының қызметкерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Сіздер қылмысқа қарсы күресте, құқықтық тәртіп пен еліміздің қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды міндет атқарасыздар. Полициядағы қызмет — кез келген қоғам үшін аса қажет, іске адалдық пен қайсарлықты талап ететін қауіпті, жауапты жұмыс.

Осы күрделі кезеңде сіздер коронавирус пандемиясымен күрестің алдыңғы шебінде еңбек етіп, кәсіби міндеттеріңізді күшейтілген режимде орындап жүрсіздер.

Сіздердің ерен еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Қазақстан полициясының барлық қызметкерлеріне зор денсаулық, табыс және игілік тілеймін! — делінеді ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің құттықтау сөзінде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: