Коронавирус Қостанай облысы әкіміне жұқты

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2020 21:07 inbusiness.kz
Ол оқшаулануға кетіп, жұмысын қашықтан жалғастырмақ.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавируспен ауырып қалды. Бұл туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

Құрметті қостанайлықтар! Барлық сақтық шараларын сақтағаныма қарамастан, менің COVID-19-ға тапсырған сынағым оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты мен оқшаулануға кетемін және жұмысымды қашықтан жалғастырамын. Облыс тұрғындарынан барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймын. Тағы да жерлестерімізді аймақ аумағында енгізілетін шектеу шараларын сақтауға зор жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Баршаңызға зор денсаулық және амандық тілеймін! Өзіңізді күтіңіз, деп жазды ол.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: