Маңғыстау облысында блок-бекеттер қайта қойыла бастады

Маңғыстау облысы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2020 16:46 Маңғыстау облысы әкімдігі
Маңғыстау облысында енгізілген жаңа шектеулер 13 шілдеге дейін өз күшіне ие.

Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданында карантин режимі мен бірқатар шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың шешіміне сәйкес, қалыптасқан эпиджағдайды ескере отырып, Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданында 2020 жылдың 25 маусымы күні сағат 00.00-ден бастап 2020 жылдың 13 шілдесі күні сағат 07.00-ге дейін карантин режимі және бірқатар шектеу шаралары енгізіледі, - дейі Маңғыстау облысының әкімдігіндегілер.

Атап айтқанда, Рахат, Теңге, Қызылсай, Сенек, Бостан, Куләнда, Болашақ ауылдарында карантин режимі енгізіледі.

Жаңаөзен қаласы, Қарақия ауданы мен Ақтау арасындағы жолға блок бекеттер қойылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: