Солтүстік Қазақстан облысында блок-бекеттер қайта қойылып жатыр
Солтүстік Қазақстанда коронавирус инфекциясына байланысты індет ошақтары анықталған аудандарда блок-бекеттер қайта орнатылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аймақта Ресей Федерациясымен шекаралас жерлерде үш блок-бекет өз жұмысын жалғастыруда.
Коронавирус инфекциясының індет ошақтары анықталған жерлерде блок-бекеттер орнатылды. Қазіргі уақытта полицейлер осындай 11 учаскеде кезекшілікте тұр, - дейді жергілікті ПД бастығының орынбасары Александр Розбах.
Өңірде COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны күрт артты. Өткен тәулікте КВИ бойынша 25 жағдай анықталды, оның 9-ы симптомы барлар.
Полиция қызметкерлері мен Петропавл қаласының санитарлық қызметінің өкілдері сауда үйлері, базарлар мен Халыққа қызмет көрсету нысандарындағы карантин шараларын қатаң бақылауға алды. Әзірге олар ешқандай әкімшілік шара қолданбаған, тек түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
"Өңірде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты жағдай ушығып тұр. Осыған байланысты мамандар карантин шараларын күшейтілетінін жоққа шығармайды", - дейді баспасөз қызметіндегілер.