Елбасының атына Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннен жеделхат келіп түсті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2020 23:57 zakon.kz
Мун Чжэ Ин Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды алаңдаушылықпен қабылдады.

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің атына Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннен жеделхат келіп түсті, деп хабарлайды Елбасы сайты.

Мун Чжэ Ин Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды алаңдаушылықпен қабылдады.

"Мен өткен жылдың сәуір айындағы Қазақстанға сапарымда Сізбен болған кездесуді әрдайым жылы сезіммен еске алып отырамын. Қос ел арасындағы ынтымақтастық пен халықаралық аренадағы ахуал жайында өрбіген әңгіме барысында Сіздің көпжылдық тәжірибеңіз бен даналығыңызға тәнті болдым. Сізге тез арада коронавирусты жеңіп, сауығып кетуіңізді тілеймін", - делінген жеделхатта.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: