Тоқаев Түрікменбашы Бердімұхамедовты 63 жасымен құттықтап қойды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2020 02:47 Ақорда
Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы қарым-қатынасты жоғары деңгейде нығайта беруге бейілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовті 63 жасқа толған туған күнімен құттықтап, бауырлас Түрікменстан халқының игілігі жолында атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы қарым-қатынасты жоғары деңгейде нығайта беруге бейілді екенін нақтылады. Сонымен қатар стратегиялық серіктестікті дамытуға, әсіресе, сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықты арттыруға оңтайлы жағдай жасалғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовке Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау көрсетіп, жеделхат жолдағаны үшін ризашылық білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: