Вице-премьер Ералы Тоғжанов коронавирустан емделіп алды

Оның ауырып қалғаны 18 маусымда белгілі болған.
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустан емделді, деп хабарлайды zakon.kz.
Ералы Лұқпанұлының емделген 10 күннен кейін тапсырған тесті вирустың жоқ екенін көрсетті. Ол жұмысына кірісті, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
18 маусымда Тоғжанов коронавирус инфекциясының белгілері байқалмайтын формасын жұқтырғанын хабарлаған.
Қазақстанда коронавирус Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинге жұққан.
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли де 22 маусымда коронавирустан жазылып кетті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript