Нұр-Сұлтанда Бабатайұлы мен Дүйсенбаев көшесі 18 шілдеге дейін жабылады

ptzgovorit.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2020 20:53 ptzgovorit.ru
Бабатайұлы көшесі жартылай, Дүйсенбаев көшесі толығымен жабылады.

Көлік жүргізушілері кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Д.Бабатайұлы көшесінде Алмалық көшесінен Тілендиев көшесіне дейінгі учаскеде құрылыс жұмыстары жоспарланған, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Осыған байланысты 15-25 шілде аралығында көлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланған.

Сонымен қатар 15-18 шілде аралығында Дүйсенбаев көшесі бойынша Аспара көшесінен Герцен көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысын толық тоқтату жоспарланған.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: