Елордадағы Оқжетпес көшесі 10 шілдеге дейін жабық болады

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2020 16:41 видеодан алынды
Жолда жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты.

Жүргізушілерге маршрутын алдын-ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Оқжетпес көшесінде К.Байсейітова көшесінен Көктал көшесіне дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Осыған орай, 17 маусымнан 10 шілдеге дейін бұл учаскедегі көлік қозғалысы жартылай жабылады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдарда кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлау керек", - делінген хабарламада.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: