Жаңалықтар тізбегі
0

Өкпені КТ-ға түсіре беру зиян

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2020 19:44 видеодан кадр
Қазір медициналық ұйымдарда бұл қызмет түрінің бағасы бірнеше есе шарықтап, кей жерлерде бір айға дейін жазылу жүріп жатыр екен.

Елімізде коронавирусты анықтайтын тест таусылған соң, жұрт жаппай компьютерлік томография мен рентген аппараттарын жағалап кетті. Артық ультросәулені денеге өткізу арқылы өкпенің зақымданғанын көрсететін құрылғылардың қызметі қазір шарықтап тұр. Елордада ең арзаны 20 мыңнан басталады. Бірақ, пульмонолог мамандар өкпені қайта қайта аппараттарға түсірген зиян дейді.

Мәселе қашан шешіледі? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Елімізде ПТР тест тапшылығына байланысты қазір компьютерлік томография және флюрографиялық түсірілімдер түріне сұраныс артқан. Қазір, медициналық ұйымдарда бұл қызмет түрінің бағасы бірнеше есе шарықтап, кей жерлерде бір айға дейін жазылу жүріп жатыр екен.

Біз ғаламтор беттерінде көрсетілген оннан астам медициналық ұйымға хабарластық. Бірде бірінде компьютерлік томография жоқ. Көмекке мұқтаж ауырып жатқан кісілердің жағдайы қалай боларын елестетудің өзі қиын. Тек қана, бір мекемеде ғана флюорографиядан өтуге болады екен.

"Теміржолшылар ауруханасы" аталып кеткен медициналық орталыққа беттедік. Расында да, томография да, рентген де бұл жерде бар екен. Бірақ, 10 мың теңгенің айналасындағы қызмет бірден екі есеге шарықтап кетіпті. Түсесің, қорытындысы 2-3 сағатта дайын болады деп сендірді ақ халаттылар. Бірақ, есік алдында өткісі келгендердің қарасы көрінбейді. Ал, пульмонолог мамандар мұндай құрылғылардың денсаулыққа тигізер зияны көп, - дейді.

Аягөз Оразбекова, резидент-пульмонолог:

"Қазір, халықтың жаппай, шағымсыз, жәй әшейін компьютерлік томографияға флюраға немесе рентгенге түсіп кеткенін қолдамаймын. Бұл бізге сәулелі артық сәуле аламыз. Егерде көрсеткішсіз диагностикалық шараларды жасауға болмайды. Пневмонияны дер кезінде анықтау үшін дәрігер фаледноско және дәрігердің құлағы. Сырылын естиді және ары қарай тактика жүргізіледі. Диагностикалық тактика және емдеу тактикасы".


Темір жол ауруханасынан шығып нөмірі 2-ші қалалық көпбейінді ауруханаға да бардық. Бірақ, ол жерден де компьютерлік томография таппай келдік. Материал түсіру барысында қалада тек бір ақ жерден бұл аппараттың бар екенін көрдік.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: