42500.enbek сайты бір бұзылып, қайта қосылды
42500.enbek сайты шамадан тыс жүктемелерге байланысты өтініштерді қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды zakon.kz.
Осы сипаттағы хабарлама сайттың өзінде пайда болды.
Сайтқа хабарласқандардың көп болуына байланысты қазір бос ресурс жоқ.
Қазір біздің сайтқа бір уақытта шамамен 25 000 адам өтініштерін жіберуде.
Барлық өтініштер міндетті түрде қабылданады. Сізден біраз уақыттан кейін қайта оралуыңызды сұраймыз.
Өтініш толтыру үшін келесі ақпаратты дайындаңыз:
Аты-жөніңіз және ЖСН - жеке куәлік немесе төлқұжаттағы мәліметтер.
Жұмыс берушінің БСН - оны жұмыс берушіден сұрай аласыз немесе бұл мәліметті еңбек шартынан табуға болады.
IBAN банктік шотыңыз - сіз оны банкіңіздің жеке шотыңыздан немесе байланыс орталығына немесе банк филиалына хабарласу арқылы таба аласыз.
Электрондық пошта - Сізде электрондық пошта мекенжайы бар және құпия сөзіңізді ұмытпаған боларсыз деп үміттенеміз. Егер электронды поштаңыз болмаса, онда оны тіркетіңіз.
Күткеніңіз үшін рақмет!
Біраз уақыттан кейін портал қайта жұмыс істей бастады.
42,500 теңге мөлшеріндегі біржолғы көмек төлеміне өтініштерді қабылдау 17 шілдеде, жұмада басталды. Бұрын көмек алған кейбір қазақстандықтарға төлемді қайта алғысы келетін-келмейтіндігі туралы сұраған SMS-хабарлама автоматты түрде жіберіліп жатыр.