Қарағанды облысында дәрі-дәрмек бағасын көтеру фактілері анықталды
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде облыс прокуратурасы полиция, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау органдарымен бірлесіп дәрі-дәрмектердің бағасын көтеру фактілерін анықтау үшін рейдтік іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды zakon.kz.
Бүгінгі таңда мобильдік топтар (05.07.2020 ж.бастап) 45 фактіні анықтады, оның ішінде 9 тәртіп бұзушы жауапкершілікке тартылыды және 1,2 млн. теңгеге айыппұл салынды, 36 факті бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдауда.
Мысалы, белгіленген шекті бағаны арттырғаны үшін ("Лазолван Юниор" 15мг/5мл, 100мл қаптамасы үшін бағасы 2900 теңге, 1 қаптамасы үшін шекті бағасы 1634,96 теңге; "Кардиомагнил" 150 мл қаптамасы үшін бағасы 2000 теңге, 1 қаптамасы үшін шекті бағасы 1797,01 теңге) Абай ауданындағы дәріхана иесіне (Топар кенті) ӘҚБтК-нің 426-бабының 1-тармағында көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін 180 540 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Жезқазған қаласында "Laif" дәріханасының фармацевтіне 97 230 теңге көлемінде айыппұл салынды, ол дәрігердің рецептісіз 10 таблеткадан тұратын "Пригобалин 75 мл" препаратын сатқан.
Мобильдік топтар дәрі-дәрмектің бағасын көтеру фактілерінің жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда. Осынған ұқсас құқық бұзушылық жағдайлары туралы облыс прокуратурасына 87212353533 және 87021114006 байланыс нөмірлері бойынша хабарласқан азаматтар аталған жұмысқа өз үлестерін қоса алады.