42 500 теңгеге өтінімдер қабылдау басталды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2020 23:14 Pixabay
42500.enbek.kz порталы арқылы бір уақытта өтінімдерді 75 мыңға дейін азамат бере алады.

Egov.kz, 42500.enbek.kz және homebank.kz порталдарында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға өтініштерді қабылдау басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

42500.enbek.kz порталы арқылы бір уақытта өтінімдерді 75 мыңға дейін азамат бере алады.

Бұған дейін хабарланғандай, азаматтарға ыңғайлы болу үшін өтінімдерді қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.

16 шілдеден бастап бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын адамдар үшін sms-хабарламаларды жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету жүзеге асырылады. Осы санаттағы, проактивті қызметті пайдаланбаған азаматтар үшін өтінімдерді қабылдау проактивті қызметті көрсету аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.

17 шілдеде жеке кәсіпкерлерден, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын адамдардан және жеке практикамен айналысатын адамдардан өтінімдер қабылдау басталды.

Өз қызметкерлеріне өтінім беретін жұмыс берушілер (заңды және жеке тұлғалар) үшін өтінімдерді қабылдау 19 шілдеден басталады.

Естеріңізге сала кетейік, 700 мың қазақстандық "42 500 теңге" төлемін проактивті түрде тағайындау үшін SMS-хабарлама алған болатын.

Келесі арналарды пайдалана отырып, өтініш беруге болады:

- egov.kz – "электрондық үкімет" веб-порталы;

- 42500.enbek.kz порталы;

- telegram-bot-тар;

- Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;

- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары.

Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: