Жаңалықтар тізбегі
0

Экология министрлігі стихиялық қоқыстар бойынша жүйелі жұмыстарды бастады

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2020 21:14 Pixabay
Мұндай рейдтер бүкіл елде жасалады.

Бүгін Қазақстанның Экология министрлігінің өкілдері Нұр-Сұлтан қаласына жақын жердегі стихиялық қоқыстарға рейд жүргізді. Бұл министрліктің республика бойынша жүргізген ауқымды жүйелі жұмыстарының тек басы ғана, деп хабарлайды zakon.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай рейдтер бүкіл елде жасалады.

ҚР ЭГТРМ Экология, геология және табиғи ресурстар комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов Мемлекет басшысының стихиялық қоқыс үйінділерін жою туралы тапсырмасын орындаудың маңыздылығын атап өтті. Еске салсақ, биылғы 10 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сөйлеген сөзінде қоғамда барған сайын күрделеніп отырған экологиялық проблемаларды шешудің өзектілігін жеткізді. "Жыл сайын 5 млн тоннадан аса қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады. Оларды өңдеу көлемі еліміз бойынша тек 15% ғана. Бұл жеткіліксіз. Үкіметке жедел түрде заңнамалық база әзірлеп, "Waste to energy" технологиясын енгізу үшін қолайлы инвестициялық жағдай туғызу қажет", - деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, өткен аптада Экология министрлігі әр өңірдегі стихиялық үйінділер туралы азаматтардан ақпарат жинау үшін жедел желіні іске қосқан болатын. Бүгінде 250-ден аса шағым келіп түсті. Шағымдардың көбі Алматы облысындағы (40 шағым), Алматы қаласындағы (апта ішінде 18 хабарлама), Ақтөбе, Ақмола және Шығыс Қазақстан облысындарындағы қоқыс үйінділері туралы. Үйілген қоқыс туралы ең көп хабар берген Қарағанды (15) және Ақтөбе (14) облысының, сондай-ақ – Алматы қаласының (11) тұрғындары.

Экология министрлігі хабарлағандай, жыл басынан бері оның тапсырысы бойынша Қазақстанның ірі қалалары мен оның 50 шақырым аумағындағы өндіріс және тұтыну қалдықтарына ғарыштық мониторинг жүргізді. Нәтижесінде, бүкіл ел бойынша 7000-нан астам заңсыз қоқыс орындары анықталды. Ғарыштық мониторинг кезінде министрлік өңірлердегі үйінділерді жоюдың жаңа кестесін құрып, бекіту үшін әкімдіктерге жолдады. Бүгінде бұлардың 18-і жойылды.

Естеріңізге салай кетейік, жедел желі нөмірі +77759524900.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: