Жаңалықтар тізбегі
0

Өмірзақ Шөкеев Мақтааралдағы құрылыс барысын тексерді

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2020 19:13 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.

Мақтаарал ауданында жаңадан іргетасы қаланған ықшам ауданда құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүруде. Мырзакент кентіндегі мөлтек ауданында болған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылыс сапасын тексерді, деп хабарлайды zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді. Құрылыс алаңында 31 мердігер мекеме тұрғын үй құрылысын жүргізуде. Жалпы 386 тұрғын үйдің құрылысына 1427 адам жұмылдырылған. Құрылыс жұмыстары ҚР Үкіметінің резерві және қайырымдылық Қорлардың есебінен жүргізілуде.

Шағын аудан ауыз су, жарық пен газбен қамтамасыз етіліп, байланыс желісімен жабдықталады. Жол төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа мөлтекауданда абаттандыру жұмыстары аясында саябақ пен 2 спорт алаңшаларының құрылысы жүріп жатыр. Жеңіс, Достық, Жаңатұрмыс елді мекендері үшін Жаңадан құрылысы жоспарланған 70 га жер телімін құрайтын мөлтек ауданда 1200 орындық мектеп пен 280 орындық бала-бақша салынуда. Дәрігерлік амбулатория құрылысы нысанының жұмыстары жүріп жатыр.

Облыс әкімінің нақты тапсырмасын басшылыққа ала отырып, тиісті мекемелер жұмыс қарқынын күшейткен. Құрылыс өз мерзімінде аяқталуы қажет.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: