Жаңалықтар тізбегі
0

"Еңбек" мемлекет бағдарламасына 283 мың адам қатысуда

Ақмола облысы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2020 19:56 Ақмола облысы әкімдігі
118 мыңнан астам адам субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылды.

Ағымдағы жылдың 6 айында 283 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек"мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. Ол арқылы 217,6 мың адам жұмысқа орналастырылса, оның ішінде 102,6 мың адам тұрақты жұмысқа тұрды, деп хабарлайды zakon.kz.

118 мыңнан астам адам субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылды, оның ішінде 15 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 14 мың адам жастар практикасына, 89 мың адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылды.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында үстіміздегі жылдың 1 шілдесі жұмыс күші артық оңтүстік өңірлерден 3019 адам, яғни 853 отбасы қоныс аударды.

2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қысқа мерзімді оқу курстарына 7,2 адам жіберілді, оның ішінде 342 адам оқуды аяқтап, 148 адам жұмысқа орналастырылды. Жалпы, жыл соңына дейін бұл шарамен 18,8 мың азаматты қамту жоспарланып отыр.

Мемлекеттік бағдарлама аясында жыл басынан бері жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін 17,6 млрд. теңге сомасына 3 931 микрокредит берілді, оның ішінде 4 165 жұмыс орнын ашқан ауылдық кәсіпкерлерге 14,6 млрд. теңгеге 3 687 микрокредит берілді.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында микрокредиттеуді 2020 жылға дейін қаржыландыру көлемі 54,2 млрд теңгені құрайды, оның 79,9%-ы (43,3 млрд теңге) ауылдық жерлерге және 20,1%-ы (10,9 млрд теңге) қалаларға келеді.

Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 200 АЕК мөлшерінде 24 мыңнан астам мемлекеттік грант беріледі. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде 10,8 мың грант бөлініп үлгерді.

Бұдан тыс, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша 30 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: