Елорда әкімдігі қала тұрғындарын шошытқан зор дыбыстың не екенін түсіндірді

Кейбіреуі бұл дыбыстарды ЖЭО жақтан арасында шығып тұратынын жазды.
Түнде астаналықтар оң жағалаудан шыққан біртүрлі дабыл дыбысынан қорқып кетті. Сөйтсе, бұл ЖЭО-2 жылу жүйесін тазарту кезінде құбырдан шыққан дыбыс екен, деп хабарлайды zakon.kz.
Желіде елорда тұрғындары 10 минут бойына біртүрлі дыбыс естігендерін жарыса жазды.
Біртүрлі дыбыс ұзақ уақытқа созылды, - деп жазды желі қолданушылары.
Кейбіреуі бұл дыбыстарды ЖЭО жақтан арасында шығып тұратынын жазды. Және олар қателеспеті.
Нұр-Сұлтан әкімдігі бұл зор дыбыстың ЖЭО-2 жақтан шыққанын растады.
ЖЭО-2 жылу жүйесінде тазалау жұмыстары жүргізілді. Станцияның дұрыс жұмыс істеуі үшін осындай технологиялық процесс қажет, - деді әкімдіктегілер.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript