"30 градус аяз". Елорда әкімдігі қала тұрғындарына үндеу тастады
Сурет: gov.kz
Астанада аптаның басы аяздан басталды. Алдағы күндері ауа температурасы 33 градустан төмен түседі деп күтіліп отыр. Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан жарақат алу мен үсік шалу секілді қиын жағдайға ұшырамас үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 11-13 желтоқсан күндері ауа температурасы түнде және күндіз 33 градусқа дейін төмендеп, аяз болады. Осыған байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынамыз", делінген елорда әкімдігінің мәлімдемесінде.
Атап айтқанда:
- дауыл туралы ескертулер жариялаған кезде алыс сапарларға шықпаңыз және жаяу жүрмеңіз;
- тас жолдардағы ауа райы жағдайлары мен көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты қадағалаңыз;
- қатты жел болған жағдайда жақын маңдағы ғимараттарды паналау керек. Ағаштардан, ілулі тұрған құрылымдардан, электр желілерінен және билбордтардан алыс тұрыңыз;
- балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.
"Қатты аяз техногендік өрттердің көбеюіне ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты біз жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға немесе электр желілеріне шамадан тыс жүктеме түсірмеу туралы кеңес береміз. Сондай-ақ, көлік иелеріне ашық оттың көмегімен автомобильдерді жылыту қаупі туралы еске саламыз", делінген хабарламада.
Айта кетсек, синоптиктер еліміздегі ірі үш қалаға қатысты алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript