Жаңалықтар тізбегі
0

Елорда әкімдігі қатты аязға байланысты мәлімдеме жасады

Мәлімдеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2023 20:56 Сурет: Zakon.kz
Алдағы күндері Астанада күн суытып, сынап бағаны 30 градустан төмен түседі. Қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтардың жарақат алу, үсік шалу секілді жағдайларға ұшырамасы үшін бірнеше ескерту мен кеңесті алға тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада бұл күндері қатты көктайғақ болып тұр. Ал қаланың жолдары мен көшелеріне үнемі құм-тұз қоспасы себіліп тұрады. Елорда тұрғындары мен қонақтары тайғанап құлап, жарақат алмас үшін қауіпсіздік шараларын сақтауы керек. Автокөлікті басқару кезінде - жылдамдық режимі мен қашықтықты қатаң сақтау, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Сол сияқты "Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы күндері күн райы қатты суытатыны туралы хабарлайды.

Сонымен, 9 қаңтарда қалада көктайғақ болып, солтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жел соғады, ал түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 24-26 аязды құрайды.

10 қаңтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-батыстан жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы 30-32 градус аязға дейін төмендейді.

11 қаңтарда аздаған қар жауады деп болжанып отыр. Түнде ауа температурасы 33-35, ал күндіз 25-27 аязға дейін төмендейді.


Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, қар күреу жұмысы тоқтаусыз жүргізуде. Қыс мезгілінің басынан бері қар полигондарына барлығы 1,7 млн текше метрден астам қар мен мұз шығарылды. Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: