Атырауда ковид науқастардың 60 % емделіп, жазылды
облыстық ӨКҚ
Өңірде аурудың өсімі 1,7% құрайды.
Бүгінгі таңда Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 392 адам тіркелген, деп хабарлайды zakon.kz.
Атырау облыстық коммуникация қызметінің мәліметінше, соңғы бір тәулік ішінде КВИ жұқтырған 109 адам анықталды. Өңірде аурудың өсімі 1,7% құрайды.
Облыста жұқпалы аурулар ауруханасынан 1 170, уақытша стационарларда 787 және карантиндік ауруханаларда 2 013 қосымша төсек-орын қойылды.
- Қазіргі уақытта облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақтануда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жұқпалы ауруларға арналған төсек-орын саны 60 пайызға артты. Атап айтқанда, 466 қосымша орын ашылды. Бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда. Бүгінде 55 интерн инфекциялық аурулар мен уақытша ауруханаларда жұмыс істейді. Сонымен бірге Ресейден келген дәрігерлер біздің дәрігерлермен тығыз байланыста. Емдеу қатаң бекітілген алгоритм бойынша жүргізіледі, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.
Қазіргі уақытта облыста 5 677 адам COVID-19-дан емделіп, жазылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript