Синоптиктер: Алдағы демалыс күндері жауын-шашынды болады

publicdomainpictures.net, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2020 23:53 publicdomainpictures.net
Тек, еліміздің оңтүістік, оңтүстік шығыс өңірінде аптап ыстық сақталады.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Қазгидромет" РМК директоры Данара Әлімбаева алдағы демалыс күндері ауа-райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне ылғалды және едеуір салқын ауа массасын ауытқып, антициклон болады. Осыған байланысты тұрақсыз ауа-райы күтілуде. Еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде күн күркіреп, дауыл тұры, қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Арасында бұршақ түсуі де мүмкін. Тек республикамыздың батыс аймақтарында күн ашық болады", - деді Данара Әлімбаева.

Оның айтуынша, ауа-райы оңтүстік және оңтүстік шығыста 30-39 градус, Маңғыстау облысының оңтүстігінде 43 градуске дейін ыстық болады. Қазақстанның шығысында 25-30 градус, оңтүстікте 33 градусқа дейін сынап бағаны көтеріледі. Республикамыздың батысы мен солтүстігінде аптап ыстық аздап басылады. Батыста 22-31 градус аралығында, солтүстік жартысында ауа-райы 20-25 градус аралығын қамтып, күн салқындайды.

"Алдағы күндері елордада жаңбыр жауады деп күтіледі. 24-25 шілдеде кей жерлерде күн күркіреп, екпіні 15-20 м/с жел соғып, жаңбыр қатты сіркіреп жауады деп болжанады. Арасында бұршақ түсуі де ықтимал. Ауа температурасы түнде 16-18 градустан 12-14 градусқа дейін, күндіз 22-24 градустан 20-22 градусқа дейін төмендеуі болжанады. Алматыда найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. 26 шілдеде ауа-райы жауын-шашынсыз болады", - деді ол.


zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: