Жаңалықтар тізбегі
0

"Талдықорған – Өскемен" жолының 763 шақырымы жаңартылып жатыр

ҚР ИИДМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2020 02:55 ҚР ИИДМ
Бұдан бөлек, мұнда жол өтпелері, көпірлер мен жол айырықтары сияқты 30 жасанды құрылымның құрылысы жүріп жатыр.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақовпен бірге Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар "Талдықорған-Өскемен" тасжолының қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерін тексерді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ұзындығы 763 шақырымды құрайтын "Талдықорған – Өскемен" автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, жолшылар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бүгінге дейін мамандар 14856 мың текше метрден астам жер қазу жұмыстарын аяқтап, 272 су өткізу құбыры мен 29 мал өтпесін салды. Сондай-ақ, жолдың 287 шақырымында қиыршық тас және құм қоспасынан жасалған жолдың төсеме қабаты, 256 шақырымында жол негізінің төменгі қабаты, 238 шақырымында жоғары кеуекті ірі түйіршікті асфальт-бетоннан жасалған жол негізінің жоғарғы қабаты және 190 шақырымында тығыз ірі түйіршікті жол жабындысының төменгі қабаты жайластырылды.

Бұдан бөлек, мұнда жол өтпелері, көпірлер мен жол айырықтары сияқты 30 жасанды құрылымның құрылысы жүріп жатыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2020 02:55

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2020 02:55

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2020 02:55

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2020 02:55

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: