Жаңалықтар тізбегі
0

Мамин Өскемен-Талдықорған жолының құрылысын тексерді

Премьер-министрдің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2021 17:07 Премьер-министрдің баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта ұзындығы 268 км жол учаскесінде автокөліктер қатынауда.

Премьер-Министр жұмыс сапары барысында өңірдегі ірі инфрақұрылымдық жобалар мен мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысымен танысып, "Өскемен-Талдықорған" бағытындағы автожол құрылысын тексерді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, жолды қайта құру жұмыстары 2017 жылы "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында басталған болатын. Қауіпсіз және үздіксіз көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін тасжол жол жиегін кеңейте отырып, үшінші техникалық санаттан бірінші және екінші санатқа ауыстырылады.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін Талдықорғаннан Өскеменге дейін жету үшін 7-8 сағат уақыт кетпек. Тасжол Алакөлге апаратын маңызды жолдардың бірі болғандықтан жобаны іске асыру Қазақстанның туристік кластері үшін маңызды. Үш бас мердігер ұйым - "Тодини Централ Азия" ЖШС, "К-Дорстрой" АҚ және "CITIC Construction Co, LTD".

Қазіргі уақытта ұзындығы 268 км жол учаскесінде автокөліктер қатынауда. Қалған жол жөндеу учаскелеріне екі мыңнан астам адам жұмысқа тартылып, 1200-ден астам техника жұмылдырылды. Бүгінгі таңда 8,5 млн м3 жер төсемі, 274 км негізі, 268 км асфальт, сондай-ақ, 200 су өткізу құбырлары мен мал өткелі, 11 көпір мен жол өтпелері салынды.

Бұдан басқа,"Қалбатау – Майқапшағай" автокөлік жолын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Оған екі мердігерлік ұйым "ҚазГерСтрой" ЖШС және қытайлық "Синьсин" компаниясы тартылған. Жолдың жалпы ұзындығы 415 км. Қазіргі уақытта жолдың 90 км-де қозғалыс ашылды. Жұмысқа 1500-ге жуық адам тартылды. Оның ішінде 66 қытай азаматы. 695 бірлік жол-құрылыс техникасы жұмылдырылды.

Учаскеде 6,8 млн м3 жер төсемі, 117 км негіз, 90 км асфальт төселді. Сондай-ақ, 100 су өткізу құбыры мен мал өткелі, 4 көпір мен жол өтпесі салынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: