Алматыда маршрутқа шығатын троллейбустар саны уақытша қысқартылды
Алматыдағы алты бағыттағы троллейбустар жұмысын уақытша өзгертті, деп хабарлайды zakon.kz "Алматытектротранс" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Құрметті жолаушылар! 8 және 12-ші қосалқы стансаларда туындаған техникалық ақауларға байланысты, атап айтқанда, кернеуі төмен мына учаскелерде - Абай даңғылы бойында - Манас көшесінен Достық даңғылына дейін, Тимирязев бойында - Байтұрсыновтан Әуезов көшесіне дейін. Қабанбай батыр көшесі бойында, Абылай хан және Достық даңғылы, осы учаскелерде жоспарланған троллейбус маршруты саны қысқарады", делінген хабарламада.
Мәселен, жоспар бойынша бүгін № 9 маршрут бойынша 14 троллейбус шығуы керек еді, бірақ іс жүзінде бір де бір троллейбус жолға шықпады, өйткені Қабанбай батыр көшесіндегі кернеулі желіде ток жоқ.
5-бағытта 15 троллейбусты шығару жоспарланған болатын, бірақ іс жүзінде 10 троллейбус жолға шықты.
№ 11 маршрут бойынша 17 троллейбус шығару жоспарланған, бірақ жұмысқа 10-ы шықты.
№ 25 маршрут - 25 троллейбусты шығуы керек еді, бірақ оның 15-і жолға шықты.
7 маршрут бойынша 23 троллейбустың орнына 15-і шықты.
№19 маршрут - 17 троллейбустың орнына 12-сі жұмыс істеді.
"9 бағыт бойынша ешбір троллейбус шықпағанын ескертеміз. Қала тұрғындары мен қонақтарынан туындаған уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Троллейбустардың жұмысындағы өзгерістер туралы қосымша хабарлаймыз", - делінген хабарламада.