Жаңалықтар тізбегі
0

Сәтбаевтағы қоғам наразылығы орынды – Мәулен Әшімбаев

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2020 21:50 inform.kz
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Сәтбаев пен Шорнақтағы оқиғаларға байланысты пікір білдірді.

Таяуда ғана Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылында болған оқиғалар ел көңіліне қаяу түсірді. Қазіргі таңда халқымыз бұл мәселелерге байланысты үлкен алаңдаушылық білдіріп отыр, деді Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев, деп хабарлайды zakon.kz.

Сәтбаевтағы жағдайға қатысты қоғамның наразылығы орынды. Расымен, бұл оқиға бәріміздің жүрегімізді ауыртып, жанымызды жабырқатты. Барлық ата-аналардың ашуы мен ызасы да түсінікті. Дегенмен, осындай қылмыскерлерді жазалау заң негізінде жүргізілуі керек. Бүлдіршінге зорлық-зомбылық көрсеткендер заң алдында қатаң жауап береді. Ол – ақиқат нәрсе. Ешкімнің бұған күмәні болмауы керек.

Былтыр Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында бала құқығын қорғау мәселесіне айрықша назар аударып, оларға қатысты жасалатын қылмыстарға жазаны күшейту туралы тапсырма берген болатын. Соған байланысты Парламент Қылмыстық кодекске іргелі өзгерістер енгізді. Бүгінде бүлдіршіндерге қатысты жасалған зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыскер жиырма жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, зорлық-зомбылық әрекеті орта санаттан ауыр дәрежелі қылмыс түріне өзгертілді. Мұндай жағдайда тараптар татуласа алмайды. Бұрынғы тәжірибеде тараптардың өзара татуласуының нәтижесінде талай адамның қылмыстан жалтарып кеткені белгілі. Енді ондай олқылыққа жол жоқ.

Жаңа заң нормаларына сәйкес мұндай қылмыс жасағандар түрмеден мерзімінен бұрын босап та шыға алмайды, рақымшылыққа да ілінбейді. Сондықтан қолданыстағы заңнама бойынша қылмыскерлерді бұлтартпас ауыр жаза күтіп тұр.

Шорнақта әлеуметтік-тұрмыстық жанжал орын алғаны белгілі. Бірақ мұны кейбіреулер этносаралық жанжалға айналдырғысы келіп, желілерде жалған ақпараттар, заңсыз әрекеттерге шақырған үндеулер таратуда.

Десек те, біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Сол себепті, кез келген мәселе заң шеңберінде шешілуі керек. Сонда ғана заң үстемдігі орнаған, әр азаматтың құқығы қорғалатын, қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін өркениетті қоғам құра аламыз.

Қазіргі таңда індетпен бетпе-бет келген еліміз күрделі кезеңді бастан өткеруде. Осындай сын-сағатта бірлігімізге сызат түсірмеу – аса маңызды. Сол үшін әр нәрсені ақылға жеңдіріп, әрекет етейік.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: