Алматыда маскасыз бойжеткен автобустан түспей, әбден тулады

gdb.rferl.or, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2020 20:37 gdb.rferl.or
Автобустағы жанжал видеоға түсіп қалған.

Автобустың ішінде маска кимеген қыз билет сатушының талабына агрессивті түрде жауап қатты, деп хабарлайды zakon.kz.

Келеңсіз оқиғаның видеосы Инстаграм-дағы парақшада жарияланды.

Қазіргі жағдай бойынша, көшеге шыққан әркім адам стандартты нормаларды орындауы керек. Мысалы, қоғамдық орында маска кию дегендей.

- Маскасыз қыз автобустан түспей қойды, ақыры ол билет сатушының телефонын сындырып тынды, - делінген хабарламада.

Видеода бойжеткен контроллердің автобустан шығуын сұраған өтінішіне құлақ аспайды. Ал оны телефонға түсіре бастағанда, қыз ашуланып, агрессияға бой береді. Осындай жанжалдан соң ол келесі аялдамада түсіп қалғанға ұқсайды.

Пікір қалдырушылар қыздың әрекетін мүлдем қолдамайды, сондықтан карантиннің соңы жоқ. Бұл қоғамдық орында тіркеліп отырған осындай ыңғайсыз бірінші оқиға емес. Алдында маскасыз автобуста болған ер адамның оқиғасына әкімдік араласқаннан кейін ол көпшіліктен кешірім сұрап тынған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: