Алматыда балабақша тәрбиешісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Балабақша, Алматы, тәрбиеші, қылмыстық іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2025 18:53 Сурет: pixabay
Алматы қаласының № 40 мемлекеттік балабақшасында тәрбиеші балаға қол көтеріп, аталған жайт видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода мекеме қызметкері баланы иығынан ұстап, жұлқылап, содан кейін тізесімен жерге отырып, оның басын орындықтың шетіне ұрғанын көруге болады. Қатты соққыдан баланың маңдайы қызарып кетеді. 

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Алматы қаласы ПД баспасөз қызметіне жүгінді.

"Бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның объективті мән-жайлары анықталатын болады, содан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", – деді ведомстводан.

Бұған дейін Ақтауда жекеменшік балабақшада екі қыз басқа тағы бір қызды ұрып-соққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: