Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда бірқатар қайырымдылық ұйымдары басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қылмыстық іс, қайырымдылық ұйымдары, Алматы, Жібек жолы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2024 20:13 Сурет: Zakon.kz
28 мамырда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Жібек жолы" қауымдастығы құрамына енетін 26 қайырымдылық мекемесінің мемлекеттік тіркеуін жойып, қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың мәліметінше, уәкілетті орган тексерісінің қорытындысы бойынша Алматы қаласында қайырымдылықпен және білім беру саласындағы қызметпен айналысатын 26 мекеменің тек 11-і нақты жұмыс істеген, ал 15-і тіркелген жерінде жоқ екені анықталған.

"Олардың қатарында "Ана Аманаты" қыздар мектеп-интернаты, "АМАНАТ әлеуметтік балалар үй-интернаты", "Алмалы" әлеуметтік балалар үйі-интернаты, "Сауран-Ислам мәдени орталығы" және т.б. қайырымдылық ұйымдары бар", делінген сот хабарламасында.

Мекемелерде балалардың өмірі мен денсаулығына тікелей байланысты, соның ішінде көші-қон, еңбек, жер, экология және тұрғын үй мәселелеріне қатысты өрескел заң бұзушылықтар орын алған. Сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, өрт қауіпсіздігі талаптары, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар, діни, қайырымдылық және қаржылық-шаруашылық қызмет салаларында бұзушылықтар анықталды.

"Іс жүзінде мекемелердің жұмысы олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келеді. Оның үстіне, олардың кейбіреулері білім беру қызметін тиісті лицензиясыз жүзеге асырған. Балалардың тиісті білім, тәрбие және дер кезінде медициналық көмек алу құқықтары мен бостандықтары айтарлықтай бұзылған".

Қайырымдылық мекемелерінің діни көзқарасы расталып, ҚР Мұсылмандары Діни басқармасының "Жібек жолы" мекемесімен меморандумы біржақты тәртіпте тоқтатылған.

"Заң нормаларын бұзған аталған мекемелердің бірқатарына және олардың басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалған (кәмелетке толмағанның өз-өзіне қол жұмсауы, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау, әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік және діни араздықты қоздыру, сотпен экстремистік және террористік деп таныған әдебиеттерді табу). Осыған орай, бірінші сатыдағы сот талап қоюды толық қанағаттандырды", делінген хабарламада.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен 26 қайырымдылық мекемесінің мемлекеттік тіркеуі жойылып, қызметі тоқтатылды.

Апелляция бұл шешімді күшінде қалдырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: