Семейдегі балабақша тәрбиешісі балаларға қол көтерген: қылмыстық іс қозғалды

Детский сад, детские сады, детсады, детский садик, дети, няни, няня, детсад, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2024 10:00 Фото: primeminister.kz
Семей қаласының мектепке дейінгі мекемелерінің бірінде баланы ұрған тәрбиеші жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, қатаң сөгіс жарияланды. Мұнымен қоса, сегіз ата-ананың өтінішімен тәрбиешіге 140-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы "SEMEI TV" телеарнасы жазды. 

"Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды", – делінген хабарламада.

Ата-аналардың айтуынша, балалары мекеме тәрбиешісіне шағымдана бастаған, әріптер мен басқа бағдарламаны білмегені үшін оларды басынан ұрғанын айтқан. Ата-аналардың күдігі сабақ кезіндегі бейнежазбаны көргеннен кейін расталды. 

Бұған дейін Астана мектептерінде сабақ қысқартылатындығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: