Астана мектептерінде сабақ қысқартылды
Фото: primeminister.kz
Астанада бүгін, 2024 жылдың 6 қарашасында мектеп оқушыларының сабақтары қысқартылды. Бұл туралы елорда әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған себеп желдің күрт күшеюі.
"6 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты (желдің жылдамдығы 30 м/с дейін артады) екінші ауысымның екінші сабағынан бастап сабақтар 30 минутқа дейін қысқарады. Сынып жетекшілері ата-аналарға оқушылардың тек ересектермен жіберілетіні туралы айту қажет", — деп хабарлады Астана қаласының білім басқармасы.
Бұған дейін желдің күшеюіне байланысты елордалық құтқарушылар азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырған болатын.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Астанада 6-7 қарашада жел күшейеді. Синоптиктердің болжауынша, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с жетеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript