Өскеменде кейбір мектептерде сабақтар қысқартылды

Мектеп, Өскемен, Алтай, сабақтар қысқартылды, оқушылар, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2023 21:24 Сурет: pixabay
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Өскеменде екінші ауысым оқушыларының сабақтары қысқартылды, Алтай қаласында оқушылар қашықтықтан оқуға көшірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 желтоқсанда Өскемендегі кейбір мектептерде екінші ауысымда оқитын оқушылардың сабақтары қысқартылды. Өңірде қар қалың түсіп, боран соғуда, деп жазады Yk-news.kz.

4 және 5 желтоқсанда Алтай қаласында оқушылар қашықтықтан оқуға көшірілді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, еріген қар кесірінен тас жолдар мен жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар жып-жылтыр болып, көктайғаққа айналған.

Бір күн бұрын аталған өңірде дауылды ескерту жарияланды.

Сондай-ақ, Астанада көктайғақ салдарынан 117 адам зардап шекті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: