Қорғаныс министрлігі әскерилер көшеде шашып жүрген сұйықтық су дегендерге жауап берді
Қорғаныс министрлігі көше тазалайтын сұйықтықпен жуынғандар жайлы желідегі видеоларға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Әлеуметтік желіде бір әйелдің көшелерді дезинфекциялап жүрген әскери қызметкерлерді сұрақтың астына алған видеосы пайда болды. Дезинфекциялық құралдарға жақындап келген әйел бұл ешқандай да зарарсыздандырушы зат емес, кәдімгі жай су деп мәлімдейді.
- Шындығында, бұл - көшелерді дизенфекциялау үшін әкімдік бөлімдері бөлген арнайы сұйықтық, сондықтан бұл видеода айтылғандардың бәрі шындыққа сәйкес келмейді, деп атап өтті ресми ведомства баспасөз қызметі.
Айта кету керек, төтенше жағдай кезінде әскери қызметшілер Нұр-Сұлтан мен Алматыда дезинфекциялық шаралар жүргізді, кейінірек эпидемиялық жағдайдың нашарлауына, КВИ-ді жұқтырушылардың өсуіне байланысты көшелері зарарсыздандырылуы тиіс қалалар саны 29-ға дейін өсті.
Қазіргі уақытта көшені тазалау үшін дезинфекциялық құралдар қолданылады, оларды әкімдіктер санитарлық тазарту қондырғыларымен қамтамасыз етеді. Оның бірнеше түрі бар, бірақ олардың бәрінде хлор мен басқа тотықтырғыш заттар бар. Қолданылатын препараттар патогендік бактерияларды, вирустарды және тіпті саңырауқұлақтарды жоюға кепілдік береді. Медицинада және коммуналдық қызметте олар қауіпті инфекциялармен күресуде қолданылады (туберкулез, гепатит вирустары, полиомиелит және басқалар).
Кейбір қалаларда тазалыққа жұмылдырылған бөлімшелер қолдануға дайын сұйықтықты алады, кейде жергілікті жерде дайындалатын концентратты препараттар беріледі, оны қолдану және дайындық нұсқаулықтарын қатаң сақтай отырып, дайындауға арналған комиссия актісі жасалады.
Егер кейбір препараттар даланы залалсыздандыру үшін қолданылса, басқалары осы мақсатта жабық ғимараттарда пайдаланылады. Қолданылатын заттар азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянын тигізбейді. Өңдеу кезінде дайын дезинфекциялық ерітінді заттың бойында бірнеше сағат бойы өзінің қасиеттерін сақтайды, оның күші күн сәулесі мен ауаның әсерінен біртіндеп жоғалады. Қоршаған ортаға және экологияға зиян тигізбеу үшін мамандарға сұйықтықты өсімдіктер мен топыраққа шашуына тыйым салынады. Осылайша, күнделікті өмірде қолданылатын дезинфекциялық құралдар кез-келген жағдайда КВИ және пневмония ауруын қоздыруға еш әсер етпейді.