Үкімет әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер нашарлаған жағдайдағы әрекет жоспарын қабылдады
Pixabay
Бірлескен іс-шаралар жоспарына 4 бағыт бойынша нақты мерзімі мен нысаны көрсетілген іс-шаралар кіреді.
ҚР Үкіметі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауына қатысты іс-шаралар жоспарын қабылдады, деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов ОКҚ-да өткен брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.
- Мемлекет басшысының 10 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау мақсатында Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп, әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлаған жағдайда экономика мен халықты қолдау бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары қабылданды, - деді Дәленов.
Оның айтуынша, бірлескен іс-шаралар жоспарына 4 бағыт бойынша нақты мерзімі мен нысаны көрсетілген іс-шаралар кіреді.
- Бұл - жұмыспен қамтуды және халықтың табысын қолдау, ШОБ-ты қолдаудың шұғыл шаралары, импортты алмастыру, макроэкономикалық тұрақтылық, - деді министр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript