Елімізде биыл өтуі тиіс халық санағы келесі жылға шегерілуі мүмкін

Ашық дерекөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2020 22:48 Ашық дерекөздерден алынды
Жалпы Қазақстанда халық санағын 2020 жылдың 1 қазанынан бастап жүргізу жоспарланған еді.

Індетке байланысты халық санағы келесі жылға шегерілуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жалпы Қазақстанда халық санағын 2020 жылдың 1 қазанынан бастап жүргізу жоспарланған еді. Алайда халық санағын жүргізетін қызметкерлер халықпен жақын қарым-қатынаста еңбек ететіндіктен, коронавирус инфекциясы қаупінің алдын алу мақсатында Ұлттық экономика министрлігі Үкіметке санақты келесі жылға шегеруді ұсынды. Мұндағы негізгі себеп – халықтың мен халық санағын жүргізетін персоналдың амандығы. Біз тиісті шешімді күтіп отырмыз", - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Руслан Дәленов Қазақстанның жалпы ішкі өнімі биыл қандай деңгейде болатынын айтып берген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: