Денсаулық министрлігі ковид пен пневмонияның біріктірілген статистикасын 1 тамызда жариялайды

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2020 02:25 24.kz
Министр сол күні арнайы брифинг өткізетінін айтты.

1 тамызда ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус және пневмонияның біріктірілген статистикалық мәліметтерін жариялауға уәде берді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Қазір барлық дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. 1 тамызда біз өзіміздің көзқарастарымызды түсіндіру мақсатында Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізуді жоспарлап отырмыз. Коронавирус және коронавирустық пневмония туралы біріктірілген статистика да сол кезде жарияланады, - деді Алексей Цой ОКҚ-дағы брифингінде.

Естеріңізге сала кетейік, 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус инфекциясы мен пневмония аурулары туралы статистикалық мәліметтер бірге қарастырыла бастайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: