COVID-19: Денсаулық министрлігі күз айларына қатысты болжамын жариялады
zakon.kz
Вице-министр коронавирустың белсенділігі мен климаттық жағдайдың арасында байланыс бары анықталмағанын айтты.
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов коронавирус инфекциясының қараша айының соңына дейінгі болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Өздеріңіз дұрыс байқап отырғандарыңыздай, коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуал күзге қарай тұрақтанады. Өткен жылы дәл осындай жағдай байқалған болатын, - деді Шоранов.
Сонымен бірге ол коронавирустың белсенділігі мен климаттық жағдайдың арасында байланыс бары анықталмағанын айтты. Салыстырмалы түрде ол Ресейдегі жағдайды мысалға келтірді, көрші елдегі ауа-райы Қазақстанға ұқсас, бірақ онда қазір КВИ жұқтыру деңгейінің өсімі тіркеліп отыр.
Болжамдар жасалады, бірақ ұзақмерзімді емес, екі айдан ары аспайтын кезеңге болжам жасаймыз, әлемдік тәжірибе де сондай, соған сәйкес әрекет етеміз. Біз қазір қарашаның соңына дейінгі болжамды қарастырып жатырмыз, бұл бағыттағы мәліметтер бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты болады деп күтіледі. Ал көктем айларына қатысты болжамды біз жыл басында жариялай аламыз, - деп сөзін қорытындылады Шоранов.
Мәдина Мамырханова, Кәмшат Сатиева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript