Қазақ ғалымы сынақ үшін коронавирустан екпе салдыртып алды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2020 00:03 Pixabay
Бірақ, бір қызығы, аталған вакцинаға Денсаулық сақтау министрлігінің ешқандай қатысы болмай шықты.

Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығында коронавирусқа қарсы вакцина салынды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Алғашқы вакцинаны орталық директоры Қайсар Табынов алды. Препаратқа COVAX-19 атауы беріліпті. Австралияда жасалған вакцина клиникалық сынаманың бірінші фазасынан өткен. Бірақ, бір қызығы, аталған вакцинаға Денсаулық сақтау министрлігінің ешқандай қатысы болмай шықты. Олар екпені елге кіргізуге министрлік тарапынан ешқандай рұқсат берілмеді деп отыр.

Бағдат Қожахметов, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

– Ресми түрде аграрлық университеттің зерттеу орталығы бар. Олардан Денсаулық министрілігінің бірде бір ұсыныс түспеген. Яғни ресми түрде Денсаулық министрлігі клиникалық зерттеулерге рұқсат бермеген. Негізі, бұл ұжым немесе кез келген жеке тұлға өзінің жауапкершілігімен өзі істеуге құқы бар. Егер ол басқа адамдарға зиянын тигізіп жатса, онда органдар қосылуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: