Елде 8 518 медициналық қызметкер коронавируспен ауырды

depositphotos.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2020 19:04 depositphotos.com
Ал пневмониямен ауырған медициналық қызметкерлерлерге қатысты министрлікте деректер жоқ.

Пандемия басталғалы бері Қазақстанның 8 518 медициналық қызметкері коронавируспен ауырды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

- Біздің елімізде коронавирус инфекциясы 8 518 медициналық қызметкерден тіркелді. Ал пневмониямен ауырған медициналық қызметкерлерлер туралы бізде дерек жоқ әзірге. Бірақ коронавирус немесе пневмония індетімен күрес кезінде ауырған медициналық қызметкерлер өтемақы төлемдерін талап етсе, біз оларды қолдаймыз, медициналық құжаттар көтеріліп, жергілікті атқарушы органдар деңгейіндегі комиссияға жіберіледі, деді вице-министр ОКҚ-дегі брифинг кезінде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: